Ертөстік
Приёмный:
8(726)3751152
Әдіскер:
+77052568897
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Үй жануарлары"
26
ноябрь
2018

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Үй жануарлары"

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдері: «Сөйлеуді  дамыту»

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. 
 Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
 Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру,көрсету.

Көрнекілік: Үй жануарларының сурттері, 

Билингвалды сыңары: Сиыр-корова-соw Жылқы- лошадь -horse ,

Қой-овца- -sheep, Түйе-верблюд- cameI   Мысық-кошка-Cat   Ит-собока-Dook

Ұйымдастырушы ізденушілік

 Балалар «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»

сондықтан да алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз  мезгілінде неше ай бар?

- Күз  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Өте жақсы. Жарайсыңдар!

 

Ізденіс ұйымдастырушылық:- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?

 Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады.Балалар үй жануарларын өз көзімізбен көру үшін фермаға саяхатқа шығайық . Ол «Сиқырлы кілемшеге»   отырып  әуенмен көздерін жұмады.Көзімізді ашамыз міне, балалар фермаға да келіп жеттік.


Мұнда үй жануарлары көп екен. Олармен жеке-жеке танысып, қолмен ұстап сипалап   көреміз. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ит пен мысықтың етін жемейміз.

Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі. - Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!

Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.

«Сиқырлы кілемшеге» отырып өзіміздің бақшамызға оралайық.

 (Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы кереді)


Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.

- Бұл қай жер екен?

- Қандай балабақша?

- Естілмейді қандай балабақша?

Балалар: «Ақбота» бөбекжай-бақшасы

- Мен, желден ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер Көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Тәрбиеші:Жарайды, балалар ендеше мен сендерге қима суреттерден  үй жануарларының денесінің жалғасын тап  ойынын  алып келдім. Сол ойынды  бәріміз бірге ойнайық.

Шарты:Қиылған  суреттерден үй жануарларының денесінің жалғасын табуы  керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы
 Менен бұрын тұрады.
 Бойын жазып керіліп,
 Беті - қолын жуады.

Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.

Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға көмектесейік.«Төлдерін  тап» тапсырмасын орындап көрсетейік.Ол үшін сендер  екі топқа бөлініп өз орындарыңа отыра қойыңдар.Сендердің алдылырыңда үй жануарлары мен  төлдерінің суреттері берілген. Әр үй жануарының төлін тауып қаламмен  сызықша жүргіземіз. 



Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты

Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.

Жақсы сау болыңдар!

Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!


Рефлексті коррекциялаушы

- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?

- Үй жануарларының төлдерін қалай  атаймыз?

- Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз